33 бапты қамтып, 2 бөлімнің аты өзгермек! Қазақстанда Конституциялық реформа жасалады

  • Опубликовано: 3 месяца назад

    Информбюро 31Информбюро 31
    подписчиков: 1,9 млн

    Қазақстанда Конституциялық реформа жасалады. Қазірдің өзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсыныстары Конституциялық кеңеске түсіп, кеңес 33 бапқа енгізілетін 56 түзетуді қарастыра бастады. Өзгерістер Президенттің өкілеті, Тұңғыш президенттің тарихи орны, Парламенттің функциясы сияқты көптеген маңызды дүниелерді қамтиды. Бүгін арнайы жұмыс тобының мүшелері осыған орай, нақты қандай заңдар өзгеретінін айтып, олардың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Конституциялық өзгерістерді мұқият назарда ұстап жүрген әріптесім Өмір Серікбекұлын тыңдайық.
    Конституциялық өзгерістер 98-баптың 33-ін қамтиды. 2 бөлімнің аты өзгереді. Президенттің өкілетін азайтып, Парламенттің қолын ұзарту сияқты саяси реформалар басты бағыт. Енді «Конституциялық кеңес» «Конституциялық сот» болып өзгереді. Осы уақытқа дейін азаматтар «кеңеске» тек сот арқылы жүгіне алған. Ал ол өтініштің "тағдырын" судья шешіп келді. Енді, халық нақты проблемасымен «Конституциялық сотқа» жүгіне алады. Сондай-ақ, конституцияда өлім жазасы мүлдем алынып тасталды. Ал, заң қабылдау құқығы Мәжілісте болып, Сенаттың құзырында мақұлдау, не мақұлдамау ғана қалды.
    ЕРМЕК ӘБДІРӘСІЛОВ, Заң ғылымдарының докторы, арнайы жұмыс тобының мүшесі:
    - Мәжіліс заң қабылдар кезде Сенатпен ақылдасады. Егер сенат заңды мақұлдамаса екі тарап бірігіп, талқылайтын болады. Бұл жерде екі палатаның да құқығы тең екенін байқауға болады. Осылайша, тиімді шешім қабылдап, дұрыс заң шығаруға мүмкіндік туады.
    Сонымен қатар, Президенттің туыстары ұлттық компания басшылығы мен өзге де жоғары лауазымдарға тағайындала алмайды деген заң өзге де министрлер мен ведомства басшыларына да қатысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, Конституциялық сот төрағалары, жоғарғы сот, орталық сайлау комиссияларының мүшелері, әскерилер, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері және Президенттің өзі де саяси партияларға мүше бола алмайды. Ал, облыс және республикалық маңызы бар қала әкіміне мемлекет басшысы кем дегенде екі үміткерді ұсынады. Үміткерлерді жергілікті мәслихат депутаттары дауыс беру арқылы таңдай алады.
    ИНДИРА ӘУБӘКІРОВА, Заң ғылымдарының докторы, арнайы жұмыс тобының мүшесі:
    - Заң бойынша мәслихат депутаттары республикалық маңызы бар қалалар мен облыс әкімдерінің жұмысына көңілдері толмаса, орнынан босату туралы Президентке өтініш жолдай алады. Яғни, әкім Президентің көңілінен шығуды емес, халықтың қалауын орындауды ойлауы тиіс.
    Енді конституцияда Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөліне қатысты «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» деп жазу ұсынылып отыр. Ал, Конституцияның 46-шы бабындағы "Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады" деген тармақ алынып тасталады. Сондай-ақ, 6-шы баптағы жер, оның қойнауы, өсімдік, тағы басқа қазба байлықтары мемлекеттің меншігінде деген жері халыққа тиесілі деп өзгертілді.
    Өмір Серікбекұлы, Нұркен Тоқмурзин
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    RUplayers - ruplayers.com/name/KJI...
    Facebook - informburo31/
    Instagram - informburo31
    Vkontakte - informburo31
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Галым Серикулы +85
Галым Серикулы

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын екі тілділік болмасын басқа ұлттар шаңыраққа қарайтын уақыт келді қазақ тілін қорлағандарға білмегендерге өмір бойы қоғамдық жұмыстарға жегу керек сонда тәртіп болады темірдей президент Қасымжомарт Кемелұлы

Кайрат Турганбаев +56
Кайрат Турганбаев

Ешкандай өзгеріс болмайды осы жүиені аудармай сол баяғы жар тас болып кала береді

Шәке Туякбаев +21
Шәке Туякбаев

Тұнғыш президент статусыны алып тастаңдар,ол ұят еш қайда жоқ ондай заң. Қорғалады тиісүге болмайды ,ренжітүге болмайды деген заңдарыңды құртыңдар😁.

Аманжан Отегаликызы +66
Аманжан Отегаликызы

Черновек болды қазақтың заңы

Амиржан Канайдар +44
Амиржан Канайдар

Өкінішті, халыққа, ұлтқа, тілге, жастарға пайдалы өзгеріс жоқ?

Амантай Аккулов +14
Амантай Аккулов

Конститутция халықтың мүддесін коргайтын заң болу керек.

Алишер Ерходжаевич +52
Алишер Ерходжаевич

Үш жылдан асты, тек құр сөз!!!

Альфия Тойшыбекова +29
Альфия Тойшыбекова

назарбайды ешкім мойындамаса.қалайша негізін қалаушы.қазақтардың негізін қалаушы сонау заманда ғы батырлар мен аналар.

Алаш Алаш +31
Алаш Алаш

Ата заңымыз,жыл сайын өзгерілетін,шпаргалкаға айналып,қадыр қасиетінен жұрдай болды,Сенген қойым сен болсаң

Венера +28
Венера

Қазақ тілін білмеген адамды әкімшілікке депутаттыққа алмауы тиіс

Балтаберген Мусиев +16
Балтаберген Мусиев

Тілге қатысты ештеңе өзгермесе бәрі бос .

Акторе Оразбай +42
Акторе Оразбай

30 жылдан бері ертек естіп келеміз Нұршайтанның шәкірті ертегін жалғастырады . Ештене өзгермейді жаңадан ертек естеміз

Алтынчас Даутова +55
Алтынчас Даутова

Өлім жазасы болуы керек, әсіресе жас оспырым зорлаганы үшін, , карупцияны жою ушын,, ал мына шалды өле өлгенше қорғаушы керек емес еды, бірінші шалдын зулымдыгын ашу үшін заң шығару керек еді, ал өздерін қорғау үшін заң күшейтіп жатырсындар, опять түсініксіз заң?

Бекмурат Тареханов +34
Бекмурат Тареханов

Көрейік...Халыққа қандай жағымды жағдай болады...Қазақ Халқын қорғайтын заң шықса болар еді..

Венера +23
Венера

Қаптаған орысты кіргізіп алдыңдар енді жақсылық емес бұл онсызда соның құлы болып жүрген қазақ ары шыдамас Бұл орысты кіргізіп көбейу үлкен қатер қазақ халқы үшін Мына бағыт орыстану өте қауіпті Қайта шығару керек керек емес бізге ресей орысын көбейту ол масқара қазақты қорлау

Махмуд Сулейменов +10
Махмуд Сулейменов

Қазақстан халықына тиесілді деп жазылу керек

Керемет +6
Керемет

Баяғы жартас, сол жартас!! Бұл жүйе ауыспай ештеңе өзгермес!! Ұлтқа да, тілге де жақсы жаңалық болып тұрған жоқ!!!!

Куляш Кусаинова +48
Куляш Кусаинова

Тіл туралы ештене айтылмадығой.

Рая хожаева +3
Рая хожаева

Қаңтарда халықты тікелей атуға бұйрық бергенін ешқашан ұмытпауымыз керек.

XanXan +15
XanXan

Ел сорының өзі шығарған заңның бәрін алып тастау керек. Қазақ тілін дамытып, қазақ тілін талап ету керек бәрінен... Орыстар мен мәңгүрттер құтырып бітті әбден.

Далее

Пластикалық ота І Тұрсынбек Қабатов І Әзіл әлемі

11:06

Пластикалық ота І Тұрсынбек Қабатов І Әзіл әлемі

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Просмотров 901 тыс.

куттер Dadaux - после консервации, Москва

0:43

куттер Dadaux - после консервации, Москва

Агроконтинент Производство

Просмотров

Галкин и Ургант: я не сдамся без боя!

7:14

Галкин и Ургант: я не сдамся без боя!

Радио Свобода

Просмотров 996 тыс.

Когда мама пришла раньше 🤣 | Смешарики #shorts

0:16

Когда мама пришла раньше 🤣 | Смешарики #shorts

Смешарики #Shorts

Просмотров 449 тыс.

МЕНЯ ЗАБАНИЛИ В STANDOFF 2

16:46

МЕНЯ ЗАБАНИЛИ В STANDOFF 2

Веля

Просмотров 129 тыс.

Миллиарды за молчание. Куда пропала Людмила Путина?

44:17

МУСОРЩИК - Фильм / Мелодрама

1:30:59

МУСОРЩИК - Фильм / Мелодрама

Epic Media

Просмотров 7 млн

Информбюро 09.08.2022 Толық шығарылым!

23:51

Информбюро 09.08.2022 Толық шығарылым!

Информбюро 31

Просмотров 98 тыс.

Галкин и Ургант: я не сдамся без боя!

7:14

Галкин и Ургант: я не сдамся без боя!

Радио Свобода

Просмотров 996 тыс.